Қазақстанда Алатау қаласы пайда болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Қаулыға қол қойды. 

ғаламтордан

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2.Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 9 қаңтар

№ 432

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

Өскемендегі «Казцинк» зауытындағы жарылыс: қанша адам ауруханаға жеткізілгені айтылды

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды