Қазақстанда «AI-Sana» бағдарламасы әзірленіп жатыр

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында Қазақстанда жасанды интеллектіні қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті үдетуді ұсынатын «AI-Sana» бағдарламасы әзірленіп жатқанын хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бағдарлама жасанды интеллектті әртүрлі салаларда қолдануға мүдделі стартаптарға бизнесті жеделдетуді қамтамасыз ететіні атап өтілді.

Ел өңірлеріндегі жетекші университеттер зияткерлік капиталдың негізгі көзі болады.

«Биыл 650 мың студент жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді, ал екінші кезеңде 100 мың студент Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас техникалық директоры Пол Киммен бірлесіп дайындалған курстарды оқиды. Жыл соңына дейін біз жасанды интеллект саласында 1-1,5 мың стартап команда құруды жоспарлап отырмыз»,

 – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр