20 ноября 2025 г. 11:37
Қазақстанда адамдарды рұқсатсыз түсіруге тыйым салу ұсынылды
Мәдениет және ақпарат министрлігі адамдарды рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге тыйым салуды қарастырып жатыр.
Астана, NEGE. Ведомство басшысы Аида Балаева министрлікке азаматтардан тұрақты түрде шағымдар түсетінін атап өтті. Олар рұқсатсыз түсірудің салдарынан «бір жерге баруға да, достарымен серуендеуге де мүмкін емес екенін» айтқан.
«Біз адамдарды рұқсатсыз камераға түсіруді шектеуді қалаймыз. Кейбір мемлекеттік қызметкерлерді өз міндеттерін орындаған кезде түсіреді, бұған біз үйреніп қалдық.
Ал кейбір пранк, жеке адамдардың рұқсатынсыз жасалатын түсірілімдер бар. Біз осы норманы сіздермен бірге талқылаймыз. Бұл бағытты реттеу қажет», – деді Балаева.