Қазақстанда Абай есімді 18 763 азамат бар, оның 10-ы әйел

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар екені туралы мәліметті жариялады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бюро мәліметінше, елде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Олардың ең көбі Астанада – 2 089, Түркістан облысында – 2 018 және Алматыда – 1 719 адам. Ең жасы үлкен Абай 1932 жылы туған, ал ең көп тараған жас тобы – 30-34 жас аралығы (3 228 адам). 2025 жылдың алғашқы жартысында жаңа туған 157 сәбиге Абай есімі берілген. Бір қызығы, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел де тіркелген.

Ибраһим есімін (оның ішінде Ибрагим және Ибрахим нұсқалары) 35 404 адам иеленген. Сондай-ақ, ел аумағында бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл Абай есімімен аталады

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды