Қазақстанда 6,9 миллион бала тұрады

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Статистикалық деректерге сәйкес:

  • 3,9 миллион бала жалпы білім беретін мектептерде оқиды
  • 556 мың бала колледжде білім алуда.
  • 1 миллионнан астам бала – мектепке дейінгі ұйымдарға барады

Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82 пайызы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

2024 жылы:

  • 3 мыңнан астам бала жаңа отбасыға орналастырылды
  • 330 ересек азамат баланың тәлімгері атанды
  • Қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есе ұлғайды

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа жүйе – кәсіби қабылдаушы отбасы институтыенгізіледі. Бұл жүйе балалардың әлеуметтік бейімделуін күшейтіп, отбасылық жағдайдағы тәрбиені кеңейтуге бағытталған.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн қоғамның назарын балалар құқығын қорғауға, олардың дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге аударады.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді