Қазақстанда 6,4 млн тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда 4,2 млн га дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділік 15,3 ц / га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Мәселен, бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімділігі 15,0 ц / га 4,5 млн тонна, арпа – 926,7 мың га, өнімділігі 16,5 ц / га бастырылды 1,5 млн тонна, сұлы-36,1 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га 57 мың тонна.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты.

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды.

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп.

Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен