Қазақстанда 600 мыңнан астам педагог бар

Елдегі барлық білім беру ұйымында 600 мыңнан астам педагог бар. Оның шамамен 400 мыңы мектепте жұмыс істейді.

inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Былтыр 1800-ге жуық «Алтын белгі» иегері мұғалім мамандығына оқуға түскен.

Ал биыл 2 мыңнан астам үздік түлек білім саласын таңдады. Одан бөлек ел аумағында мектеп директорларының тапшылығы 3 есе азайды. Бұл көрсеткішке «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы ықпал етті. Президенттік жастар кадр резервінің үлгісінде жасалған жоба нәтижесінде 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанды. Биыл тағы 428 үміткер оқудан өтті. Бүгінге дейін 400-ден аса директор осы бағдарлама бойынша жұмысқа тұрған.

 40 «Келешек мектебінде» жоба қатысушылары басқарып отыр. Кәсіби мереке қарсаңында 100-ден астам маман Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты