Қазақстанда 4 миллион киіктің ішінен 800 мыңы атылуы мүмкін

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елдегі киік санын реттеуге қанша киік жіберілетінін айтты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Министр өткен аптада киік санын реттеу бойынша ғылыми негіздеме жарияланғанын, қазір ұйымдастырушылық мәселелерді қарап жатқанын айтты.

«Біз 1-2 күн ішінде өз шешімімізді жариялаймыз. Ғалымдар ұсынған негіздемеге сәйкес, бүкіл популяцияның 20 пайызы реттеуге жатады. Көктемгі санақ қорытындысы бойынша елімізде жалпы саны 3 миллион 900 мың киік бар, оның ішінде 2 миллион 300 мыңы – Орал популяциясы, 1 миллион 600 мыңы – Бетпақдала популяциясы, ал 700–800 мыңдай шағын популяция – Үстіртте, – деді Экология министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондықтан шамамен 4 миллион киіктің ішінен 800 мыңын реттеу керек.

«Онда жыныстық-жас ерекшелігі бойынша құрамы да анықталған: 40 пайызы – аталық киіктер, 40 пайызы – аналық, 20 пайызы – биылғы төлдер (лақтар) болуы керек. Яғни бізде нақты сандар мен параметрлер бар, қазір сол бойынша дайындық жүргізіліп жатыр», – деді Е. Нысанбаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?