Қазақстанда 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

Сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекеттегі 19 сайлау учаскесінде отандастарымыз дауыс беруге кірісті. Осылайша, ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес, 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталған. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды.

Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске ұйымдастырылған.

Орталық сайлау комиссиясы

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлауда алғашқылардың бірі болып Корея мен Жапониядағы Қазақстан азаматтары дауыс берді. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де ашылды.