Қазақстан жолдарына 99 дәретхана қойылады – ҚР МСМ

Қазақстан облыстарының әкімдіктері жолдарда 2020 жылы 99 санитарлық торап орнатады, деп мәлім етті ҚР мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті.

Алматы, NEGE. «Бюджет қаражаты аясында Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша облыс әкімдіктері санитарлық-гигиеналық тораптардың 99-ын орнату жұмыстарын жүргізуде», - делінген комитет жауабында.

Барлығы, жауапқа сәйкес, елдегі жолдарға санитарлық тораптары бар 988 сервис нысаны керек. Оның ішінде: Қазақстан көлік жолдарын басқару бойынша ұлттық оператор «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ желісі бойынша - 496 нысан және ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің желісі бойынша – 519.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты