Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.

Алматы, NEGE. Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.