Қазақстан үшінші күн қатарынан «қызыл» аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Алматы, NEGE. 27 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 26 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал «сары» аймақта Қарағанды бар. Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала - «жасыл» аймақта. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты