Қазақстан ультрабук шығарады

Петропавлдағы Киров зауытында ультрабук шығара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. «Петропавлда ноутбук шығарылады. Киров атындағы зауыт жыл басынан қытайлық компаниямен келіссөз жүргізіп, гаджеттерді құрастыруды қолға алған болатын. Жазда жергілікті инженерлер аспан асты еліне тәжірибе жинақтауға барса, енді шетелдік мамандар Петропавлға келді. Қос тарап бірлесіп,
алғашқы 50 бірдей сынамалық ультрабук құрастырды», – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының Муниципалдық телеарнасы Facebook-тегі парақшасында.

Телеарна тілшісінің дерегінше, ультрабуктің салмағы 1,3 келіні құрайды. Гаджет оқушылар мен студенттердің
жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы болмақ. Ультрабукте жергілікті кәсіпорынның логотипі таңдалып, өндіруші ретінде Киров зауытының атауы көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?