Қазақстан Украинаға медициналық препараттар жібереді

Қазақстан Украина халқына медициналық препараттар түрінде гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды.

Алматы, NEGE. «Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберетін болады. ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп Алматы – Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырған.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады. Жөнелтілетін жүктің жалпы салмағы 28,2 тонна және 17 түрлі дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссивті және антигипертезивті дәрілер болады. Гуманитарлық жүк Алматы халықаралық әуежайынан 14 наурыз күні жіберіледі (жүктеу тиеу жұмыстары ұшудан 2 сағат бұрын жүргізіледі).

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр