Қазақстан Уханьдағы қырғыз студенттерін эвакуациялады
Қазақстан Қытайдан қырғызстандық 18 студентті алып шықты.
Алматы, NEGE. Қытайда оқып жатқан қырғызстандық студенттер Қазақстанның ықпалымен елдеріне қайтарылды.
Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, Уханьда қалып қойған студенттерді арнайы бортпен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізген. Сондай-ақ бортта Армения, Белорусия азаматтары болған.
Қазіргі таңда елге қайтарылған азаматтардың барлығы 14 күнге жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Атап өткендей, эвакуацияланғандардың денсаулықтары жақсы және ауру белгілері анықталған жоқ.