Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзала аймағына зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді.

Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті.