Қазақстан төлқұжатымен қанша елге баруға болады?

Жапон төлқұжаты 2020 жылдың әлемдегі ең беделді құжат ретінде танылды. Жапон азаматына әлемнің 191 елінің есігін ашады.

Алматы, NEGE. 

Әлем бойынша қай құжатпен саяхаттау ыңғайлы екенін зерттейтін Хенли индексінің көрсетуінше, алдыңғы үш орынға Азия елдері жайғасқан. Екінші орында 190 елмен байланысы бар Сингапур тұрса, үшінші орынды Оңтүстік Корея елі Германиямен бөліскен (189). Үздік ондықты ЕуропаныңФинляндия, Испания, Люксембург, Дания, Швеция мен Франция елдері түйіндепті. Ал АҚШ пен Ұлыбритания бұл рейтингте төмендеген. Қос ел бес жыл бұрын ғана бірге алдыңғы орында тұрған екен.

 БАӘ соңғы он жылда 47 сатыға бірден көтеріліп, 18-орынға жайғасқан. Сарапшылар мұны бұл елдің экономикасының қарқынды дамуымен, тұрғындарының әлеуетінің жақсаруымен және елдегі бизнестің жаһандану үдерісіне мейлінше икемделуімен түсіндіреді. Айтпақшы бұл ел визасыз қарым-қатынас жағынан әлемде бірінші орынды иеленеді.

Қазақстан беделді төлқұжат индексінде 67-орынды иеленген. Қазақстанның көк төлқұжатымен 76 елге визасыз баруға болады. 150 елге арнайы рұқсат қажет.

Әлемдегі ең әлсіз төлқұжат – ауған азамытына тиесілі. Бұл елддің төлқұжатымен визасыз/визамен әлемнің небәрі 26 нүктесі қабылдауға дайын.

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады