Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек

Қазақстан Тәжікстанға портативті өкпені жасанды желдету аппараттарын бермек.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Қазіргі уақытта барлық ел бір-біріне көмек көрсетіп жатыр. Елімізге де басқа мемлекеттер гуманитарлық көмек беруде. Расында да Қазақстан Үкіметі Тәжікстанға жылдың соңына қарай портативті өкпені жасанды желдету аппараты түріндегі гуманитарлық көмек көрсету туралы мәселені қарастырылуда. Бұл портативті аппарат екендігін атап өткім келеді. Ол пациентті жедел жәрдем көлігімен тасымалдау үшін қолданылады», - деді вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, портативті өкпені жасанды желдету аппараты елімізде, Ақмола облысында шығарылады.

«Бүгінде аталған өндіруші өзінің өндірістік қуатын арттырып отыр. Кәсіпорын түркиялық компаниямен бірге портативті өкпені жасанды желдету аппаратынан бөлек қазіргі уақытта бізге аса қажетті болып отырған стационарлық өкпені жасанды желдеу аппаратын шығаруды жоспарлауда. Өндіріс таяу аралықта жолға қойылады және жылдың соңына дейін еліміздің барлық ауруханаларына қажетті портативті және стационарлық өкпені жасанды желдету аппараттармен қамтамасыз етеді»,- деді Людмила Бюрабекова.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған