Қазақстан Тәжікстанда жоғарғы оқу орнын ашады

Тәжікстан астанасындағы Ұлт сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Екі елдің басшылары саяси, дипломатиялық, парламентаралық, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

"Қазақстан мен Тәжікстан тәжік студенттерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытуға квоталар санын көбейту туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Тәжікстанда Қазақстанның жоғары оқу орындарын ашу жоспарланып отыр", - деп жазады Эмомали Рахмонның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Тәжікстан басшысы Қазақстанға коронавируспен күресте гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар ғылым мен білім, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты