Қазақстан тәліптерді тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Қазақстан тәліптерді тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында тұрақты түрде аудит жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін жаңарту мақсатында тұрақты түрде аудит жүргізіледі. Осы процестің бір бөлігі ретінде БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, тәліптерді тізімнен шығару туралы шешім қабылданды. Осылайша, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің міндетті  қарарларына сәйкес, «Талибан» қозғалысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне енбеген», - деді Смадияров.

Қазір оқып жатыр

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

«Таңдауым ешқашан өзгермейді»: Назарбаев Тоқаев жайлы пікір білдірді