Қазақстан сұйытылған газдың шекті бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде жүзеге асырылатын сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Республиканың ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 33 600 теңге мөлшерінде бекітіледі. 2022 жылғы 1 шілдеден 2023 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге.

Еске салайық, 2022 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында сұйытылған мұнай газының шекті құны қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 28 000 теңге мөлшерінде бекітілген болатын.

Бұйрық жобасы 24 маусымға дейін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

 

Қазір оқып жатыр

Павлодар алюминий зауытында екі жұмысшы жарақат алды

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Maxi Шай жеткізетін курьерлер жалақыны көтеруге қол жеткізді

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқа толды