Қазақстан Ресейге тыйым салынған тауар өтуі мүмкін елдер тізімінде
Америка Құрама Штаттары Ресей мен Беларуське тыйым салынған тауарлар өтуі мүмкін мемлекеттердің тізімін жасады, деп хабарлайды 'Хабар-24'.
Алматы, NEGE. Ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және басқа мемлекеттер бар. Енді АҚШ бұл мемлекеттерге қатысты қандай шешім қабылдауы мүмкін?
Америка құрама штаттары бұл елдер арқылы Ресей немесе Беларуське әскери техника, ұшақтың бөлшектері, гидроакустикалық жүйе, Джи-Пи-Эс, мұнай саласына қажетті техника жеткізілуі мүмкін деп күдіктенеді.
Сондықтан бақылауды күшейтетіні айтылған. Алайда тізімдегі елдермен сауданы шектеу немесе азайту туралы әзірге әңгіме жоқ.