Қазақстан Ресейден дизель отынын импорттайды

Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтауы дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Биылғы 1 қазаннан бастап Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтайды. Бұл жөндеу негізінен шілденің аяғы мен тамыздың басында жүргізілуі керек еді. Бірақ мұнай өнімдерінің қорын құру үшін жөндеуді 1 қазанға шегеру шешімі жасалды. Дегенмен, дизель отынын сатып алу деңгейі айтарлықтай өсіп, отын қалдықтары 210 мың тонна деңгейінде тұр, бұл шамамен 11-12 күнге жетеді», - деді Ә. Мағауов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, Павлодар зауытын тоқтату ел бойынша дизель отынының теңгеріміне ықпал етеді.

«Ресейден 100 мың тоннаға жуық дизель отынын импорттау керек екенін байқап отырмыз. Осы орайда өткен аптада Ресей Федерациясының Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргіздік. Олар зауыттарға өздерінің нұсқауын берді», - деді вице-министр. Қазіргі уақытта жанар-жағар май станцияларының ірі желілері Ресей Федерациясының жеткізушілерімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді