Қазақстан президенттігіне үміткер болған Мұсағали Дуамбеков дүниеден өтті
Қоғам қайраткері, эколог, 2011 жылы Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түскен Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы Мәжілістің бұрынғы депутаты Айгүл Соловьева Facebook желісіндегі парақшасында айтты.
"Бүгін таңғы сағат 8-де менің досым, белсенді қоғам қайраткері және нағыз азамат, аяулы әке Мұсағали Дуамбеков қайтыс болды! Иманды болсын!", - деп жазды Айгүл Соловьева.
Техника ғылымдарының докторы, профессор Дуамбеков Халықаралық Экология академиясының басшысы ретінде белгілі. "Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеті" қоғамдық ұйымының президенті болған, сутегі отынының генераторын ойлап тауып, патенттеген өнертапқыш. Мұсағали Дуамбеков 2011 жылы өткен сайлауда Қазақстан Президенттігіне өз кандидатурасын ұсынылған болатын. Қазақ тілі емтиханынан сәтті өтіп, кейіннен өз кандидатурасынан бас тастау туралы шешім қабылдады.