Қазақстан пияз экспортына рұқсат берді

Пияз экспортына салынған тыйым алынды

Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігі 8 сәуірден 28 сәуірге дейін 20 мың тонна пияз экспорттауға ішінара рұқсат берді. Бір өтініш берушіге 500 тоннаны құрайтын лимит бекітілді.

Үкімет 28 қаңтарда ішкі нарықтағы сұранысты жабу үшін пияз экспортына үш айға тыйым салған еді.