Қазақстан Париж Олимпиадасына қатысуға ресми шақырту алды

Халықаралық Олимпиада комитеті ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне Париж-2024 ХХХІІІ Олимпиада ойындарына қатысуға ресми шақыру жіберді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасы - Париж қаласында өтеді.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», - делінген ресми хабарламада.

Алайда ресми шақырту Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ Гватемаланың Олимпиада комитеттеріне жіберілмеді.

14 маусымда Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр