Отандық палуандар Азия чемпионатында медальдар кестесінің көшін бастады

Астана қаласында өткен еркін күрестен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Ел құрамасынан Санжар Досжанов (70 келі), Болат Сақаев (79 келі), Дархан Есенғали (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал Ризабек Айтмұхан (92 келі) пен Жүсіп Батырмұрзаев (125 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Рахат Қалжан (57 келі) қола алды.

Медальдар кестесінде қазақстандық палуандар Моңғолия (1 1 3) мен Қырғызстан (1 1 2) құрамаларын артқа салып кетті.

Еске салсақ, грек-рим күресінен Азия чемпионатында ел құрамасы жалпы есепте 3-орынға тұрақтады. Еншісінде 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен қазақстандық палуандар 2 алтын, 3 қола медальмен төртінші орын алды.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады