Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді

Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Алматы, NEGE. Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды