Қазақстан Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Атудан Қазақстан құрамасы Чангвон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Константин Малиновский 50 метрлік мылтық атудан үздік нәтиже көрсетіп, Азия чемпионы атанды.

Командалық жарыста Қазақстан да алтыннан алқа тағынды. Ел атынан Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Юрий Юрков қатысты.

50 метр қашықтыққа мылтықпен ату бойынша командалық есепте Қазақстан құрамасы (Арина Алтухова, Александра Ле, Елизавета Безрукова) 3-орынға ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, турнир 2 қарашаға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады