Қазақстан облыстары «қызыл аймақта» жоқ

Денсаулық сақтау министрлігі 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Алматы, NEGE.  20 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ. 

Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта жалғыз өзі тұрақтап қалған Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта. 

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды