Қазақстан НЕГЕ 2,5 миллиард доллар сұрап отыр?
Shell мен Eni басқаратын халықаралық консорциум (KPO) мен Қазақстан арасындағы дауға жақын арада нүкте қойылмайтын болды. Еліміз KPOмен арадағы келісім-шартты қайта қарап, ондағы Республикаға түсетін табыс үлесін арттыруға бел шеше кіріскен еді. Дау аясында KPO бізге 1,1 миллиард доллар ұсынды. Оған келіспеген Үкімет KPO-дан 2,5 миллиард доллар сұрап отыр. Бірақ, кей ақпарат көздерінің айтуынша, еліміз саудаласуға кет әрі емес.
Алматы, NEGE. «Егер KPO 1,8 миллиард ұсынса, Қазақстан оған көнетін сияқты. KPO үшін де бұл ыңғайлы келісім болмақ» дейді инсайдерлер. Үкімет қабырғасында журналистердің сауалына жауап берген энергетика вице-министрі Мұрат Жүребековтің айтуынша, келіссөздер әлі аяқталмаған.
Қазақстан Үкіметі мен KPO былтырғы жылы қазан айында өтемақы туралы құжатқа қол қойғаннан кейін шартты реттейтін келісімді бекіту үшін келіссөздер жүргізуі керек еді. Бірақ, тараптардың бір-біріне қосымша талаптары көбейгендіктен, келіссөздер өтпеді.
«Біз KPO ұсынып отырған төлем көлеміне қағанаттанбаймыз. Дәл қазір ақырғы соманы айта алмаймын» деген еді энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов.
Қазір консорциум Қарашығанақта жыл сайын 11 миллион тонна мұнай мен 16,5-17,5 миллиард кубометр газ өндіреді. KPOға Shell, Eni, ҚазМұнайГаз, Chevron мен Лукойл кіреді.