Қазақстан мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды
Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.
Алматы, NEGE. «6 маусымда ОПЕК конференциясының отырысы өткен болатын. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан шілденің соңына дейін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін мұнай өндіретін болды. Сондай-ақ осы жылдың мамыр-маусым айларында әртүрлі себеппен өндірістің артуы байқалатын елдер бойынша шілде-қыркүйек айларында мұндай артуды өтеу туралы шешім қабылданды. Қазақстанда мамыр айының алғашқы 12 күнінің ішінде мұнайдың қосынды артуы 3,13 млн баррельді құраған болатын. Оны өтеу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр», – деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында. Министр өз сөзінде қайта қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, 2020 жылғы өндіру болжамы 86 млн тоннаны құрайтынын жеткізді. «Бұл – индикативтік жоспардан 4 пайыз төмен. Индикативтік жоспар 90 млн тонна болған», – деді ол.