Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге дейін азайтады
ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруге қойылған шектеуді 2024 жылдың соңына дейін ұзартуға келісті.
Алматы, NEGE. 2024 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында келісім елдеріндегі мұнай өндірудің жалпы көлемі - тәулігіне 40,46 миллион баррель. Бұл қазіргіден 1,4 миллионға аз.
Әр елдің өз квотасы белгіленген. Ресей үшін бұл тәулігіне 9,828 миллион баррель, Сауд Арабиясы үшін — 10,478 миллион.
Мәскеу және Эр-Рияд - ОПЕК қатысушылары арасындағы ең ірі мұнай экспорттаушылар.
Ангола мен Габон делегаттары кездесу кезінде ұйымның штаб-пәтерінен шығып кеткен.
The Wall Street Journal хабарлауынша, іс жүзіндегі одақ жетекшісі - Сауд Арабиясы Африканың шағын елдерінің мұнай өндіру квотасын азайтуға шақырған.