Қазақстан мен Түркия арасында 150-ге жуық бірлескен жоба бар
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік сапарын біртуар тұлғаның рухына тағзым етуден бастады.
Алматы, NEGE. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент лауазымына кіріскеннен бергі Түркияға жасаған ең алғашқы мемлекеттік сапары.
Фуат Октай, Түркия Республикасының вице-президенті:
– Екі мемлекет басшыларының министрлер кабинетімен бірге бір елдің үкімет мүшелері секілді жоғары деңгейде кездесу өткізуі қарым-қатынасымыздың қаншалықты жоғары деңгейде екендігін білдіреді. Бұған дейін арадағы сауда көлемін он миллиард долларға жеткізу туралы меже қойған болатынбыз. Қазір соның жартысын еңсердік.
Күздігүні Президент жұмыс сапармен Ыстамбұлға келіп кеткен болатын. Одан кейін де Ердоғанмен екеуі бірнеше рет телефон арқылы сөйлесті. Бір-біріне жиі жеделхат жолдап отырады. Бұдан бөлек онлайн жиындарда да жиі пікірлесіп тұрады. Бірақ бетпе-бет жүздесудің жөні бөлек. Оның үстіне мемлекеттік сапар болғаннан соң бірнеше құжатқа қол қойылады. С
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қазақстан үшін Түркиядан ешқандай жамандық болған жоқ. Тек жақсылықты көргенбіз. Әлі күнге дейін солай болып тұр. Түркия бауырлас, достас мемлекеттер. Алғашқы елшілігіміз Анкарадан ашылған. Мұның символдық мәні зор. Жалпы Түркия өте маңызды стратегиялық серіктес. Мен бүгін Ердоғанға ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін рахметімді білдіремін
Ал Ердоған бауырлас қазақ халқына қаралы қаңтар оқиғасына байланысты көңіл айтты. Қандай қиын сәт туса да қазақпен бірге екенін білдірді.
Режеп Тайип Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:
– Біз бауырлас қазақ елінің кең көлемді реформаларын қолдаймыз. Қазақстанның тұрақтылығы, бейбітшілігі үшін әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Кез келген жағдайда қазақ бауырларымызбен бірге екенімізді айтқым келеді. Он тоғыз млн халқы бар Қазақстан мен 85 млн халқы бар Түркия ынтымақтаса қимылдаса, оның қаншалықты маңызды екенін түсіне беріңіз. Біз бүгін Украинада жағдайдың аймаққа тигізер әсері жөнінде де сөйлестік. Біздің бейбітшілікті қолдау туралы көзқарасымыз бір жерден шығып отыр. Біз Украинадағы жағдайдың бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз.
Қазір Қазақстан мен Түркия арасында 150-ге жуық бірлескен жоба бар. Қазақстанда Қазақстанда 3700-дей бірлескен компаниясы жұмыс істейді.Түріктер негізінен біздегі құрылыс, текстиль, білім, ауылшаруашылығы саласына қаржы құяды. Мұндай инвестицияның көлемі 4 млрд долларға жетті. Ал қазақстандық кәсіпкерлер бауырлас мемлекетке бір милиард доллар қаржы құйды.