Қазақстан мен Сингапур президенттері қандай құжаттарға қол қойды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халима Якоб келіссөздер жүргізді.
Алматы, NEGE. Сингапур Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия елдері (С5) мемлекеттік қызметшілері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Enterprise Singapore» арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
4. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Enterprise Singapore» арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.