Қазақстан мен Швейцария арасында бағалы метал бұйымдар жөніндегі келісім бекітілді

Швейцариямен арадағы бағалы метал бұйымдар жөніндегі келісім бекітілді, деп хабарлады Ақорда.

Алматы, NEGE. "Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.