Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі болды
Екі елдің шекарасында көлік кептелісі болды.
Алматы, NEGE. Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше 4 маусым күні сағат 12:30-дағы жағдай бойынша "Қайрақ" өткізу бекетінде экспортқа шығарылатын жүк көліктерінің жинақталғаны шамамен 60-80 көлікті құрайды.
“Кезек Ресейге қарай бейтарап аймақтың толтырылуына, сондай-ақ басқа облыстардағы бақылау-өткізу пункттерінің жөндеу жұмыстарына байланысты пайда болып, жүк тасымалдау логистикасына әсер еткені көрсетілген”, – деді ведомство.
Әлеуметтік желіге тараған видеоға қарағанда, шекарада бір шақырымға созылған кептеліс пайда болып, онда 100-ге жуық көлік "кептеліп" қалған.