Қазақстан мен Ресей шекарасында қақтығыс болды

Қазақстан мен Ресей шекарасында росгвардия қызметкерлері мен мигранттар арасында қақтығыс болды.


Алматы, NEGE.  «Ресей-Қазақстан шекарасында мигранттар мен росгвардия қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Соңғы айларда Самара облысының шетінде Өзбекстан мен Тәжікстаннан келген жүздеген мигранттар тұрып жатқан. Олар отандарына қайтпақ болған, бірақ Қазақстан коронавирус салдарынан шекараны жауып тастады, сөйтіп ол адамдар сол жерде қалып қойды. Мигранттар дала лагерьін бұзып, үйлеріне жіберуді өтінді, бірақ Қазақстан әлі де шекараны жабық күйде ұстап отыр – енді адамдар шекарашылар арқылы өтуге тырысуда», - делінген танымал Mash Telegram-каналында.
Самара облысындағы дерек көзі аталмыш ақпаратты растады. Росгвардия жауынгерлерінің қақтығысқа қатысқанын теріске шығарды.
«Менің ақпарымша, бұл (..:) 3 тамызда орын алды. Зардап шеккендер мен ұсталғандар болған жоқ. Мұны қақтығыс деп айту қиын, тек толқу болған. Қазір лагерьде бәрі тыныш, қазір ол жерде ештеме болып жатқан жоқ», - деп хабарлады РБК-ға Самара облысының жергілікті билігі.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді