Қазақстан мен Өзбекстан автокөлік бөлшектерін бірлесіп шығаруды талқылады

Қазақстанда автомобиль дискілерін шығаратын жаңа зауыт салынуы мүмкін.

Алматы, NEGE. Бұл жоба Ташкент инвестициялық форумында талқыланды. Өзбекстандағы бизнес серіктестермен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі кездесті. Көрші елмен машина жасау саласында бірлескен орта деңгейдегі жобалар бар. Енді ірі санаттағысын қолға алу көзделіп отыр. Тараптар автомобиль дискісі мен басқа да бөлшектерді еліміз аумағында жасауға ниеттестік білдірді. Форумға қазақстандық бизнес өкілдері де жиналды. Олар іскерлік кездесулер аясында бірлескен кәсіпорын құруға бағытталған 10-нан астам келісім жасасты.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

– Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Сол себепті 100 шақты кәсіпкер бізбен еріп келді. Қазақстанда, Өзбекстанда бірге атқаратын кәсіпке дайын тұрмыз. Сондықтан жиналып талқылап жатырмыз.

Қазір оқып жатыр

20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді

Астанадан үш есе қалып қойды. Айдын Рахымбаев үшін Алматы НЕГЕ қызық емес?

Жұмыссыздарға бизнес бастау үшін мемлекеттен 1,7 млн теңге грант беріледі