Қазақстан мен Оман арасында тікелей рейс ашылады

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап «Salam Air» компаниясы А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр.