Қазақстан мен Қытай шекарасында 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан мен Қытай шекарасында магнитудасы 3,9 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар.
Алматы, NEGE. «13 ақпанда «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақыты 9 сағат 49 минутта жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының шығысынан 301 шақырымында Қытай мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,5. Магнитудасы mpv 3,9», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, жер сілкінісінің орталығы Алматы облысы Райымбек ауданы Сүмбе ауылынан қашық емес жерде 15 км тереңдікте орналасқан.