20 июня 2023 г. 13:32
Қазақстан мен Германия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Германия Президенті бастап келген неміс делагациясына ілтипат білдіре отырып, Франк-Вальтер Штайнмайердің мемлекеттік сапары Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға жол ашатынын атап өтті.
Алматы, NEGE. «Сіздің сапарыңызды асыға күттік. Бұл сапар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беру үшін өте маңызды. Германия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі. Түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Өзара ынтымақтастығымызға, халықаралық ұйымдардағы іс-әрекетімізге, сондай-ақ геосаяси жағдайға қатысты көптеген мәселе бойынша егжей-тегжейлі әрі ашық пікір алмастық», – деді Қазақстан Президенті.