Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісім ратификацияланды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,  - делінген хабарламада.