3 августа 2023 г. 17:47

Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190 млн долларға келісімшарт жасады

Фото:

Астанадағы Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларды құрайтын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды», - делінген аталған форумнан кейін таратылған мәліметте.

Атап айтқанда, Ауғанстан - Қазақстанның өсімдік майын алып жүрген ең ірі импорттаушылардың бестігіне кіреді.

Бұл тұрғыда бүгінгі форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтар осы бағыттағы сауда көлемін арттыруға ықпал етеді.

Қол қойылған құжаттардың жалпы санының 9-ы май тасымалдау бойынша шарттарды қамтып тұр.

Тегтер: