Қазақстан құтқарушылары Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады

Қазақстандық құтқарушылардың екінші легі елге оралды.

Алматы, NEGE. Олар 7-19 ақпан аралығында Нурдагы ауданында, Газиантеп және Хатай қалаларында жер сілкінісі салдарын жою жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Қахраманмараш провинциясына үздіксіз гуманитарлық көмек жеткізіп отырды. Жалпы апат аймақтарында 100-ден астам қазақстандық маман көмек көрсеткен.