Қазақстан құтқарушылары Ауғанстанда іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады
Құтқарушылар алғашқы тәулік ішінде Ауғанстанда 76 учаскедегі үйіндіні тазалады, деп хабарлайды ТЖМ.
Алматы, NEGE. Қазақстанның құтқарушылары Герат провинциясындағы Наиброфи елді мекенінде үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері 39 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 5 балаға медициналық көмек көрсетті.
Бүгін таңғы 06.32-де Герат қаласының маңында күшті афтершок тіркелді, онда 29 қазақстандық құтқарушы жіберілді. 10 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді.