Қазақстан құрамасының Сан-Мариноға қарсы ойынындағы үздік және ең нашар ойыншылары анықталды

Whoscored.com және Sofascore.com статистикалық сайттары футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Сан-Марино құрамасына қарсы ойында (3:1) Қазақстан құрамасының ойыншыларына ұпай берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Осы кездесуде дубль жасаған жартылай қорғаушы Ислам Чесноков кездесудің үздік ойыншысы атанды. Ол WhoScored сайтынан 8,6 ұпай және SofaScore 8,3 ұпай алды. Қазақстан құрамасының ең нашар ойыншысы деп қақпашы Игорь Шацкий танылды. WhoScored қазақстандық қақпашыға 6,0 ұпай, SofaScore - 6,3 ұпай берді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тоғыз матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 18 ұпай бар және Еуро-2024-ке жолдама үшін күресті жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр