Қазақстан құрамасының ойыншысы қайғылы жағдайда көз жұмды

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының ойыншысы Роман Богданов көз жұмды деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Алматы, NEGE. 27 жастағы футболшы Павлодарда тұратын, ол Ертіс өзенінде балық аулып жүріп, қатты ағыс салдарынан суға кетіпті. 

Богданов "Ертіс" тәлімгері, осы клубта және "Қызыл-Жар" мен "Ақсуда" да ойнаған. Ол жағажай футболынан Қазақстан құрамасы мен павлодарлық "Арман" командасының белді ойыншысы болған. 

Марқұмның артында әйелі мен кәмелетке толмаған ұлы қалды.  

Роман Богданов - 1995 жылғы Ресей чемпионы, Қазақстан құрамасының ойыншысы әрі бапкері болған Сергей Тимофеевтің жиені. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды