Қазақстан құрамасының 15 балуаны коронавирус жұқтырды 

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Алматы облысындағы «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиындарын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп жазды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, команданың 15 мүшесінен коронавирус инфекциясының белгілері анықталған. Бұл спортшылар оқу-жаттығу жиыны өткізілген базада оқшауланған. Спортшылардың аты аталмағанымен, олардан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылғаны айтылады.  Сонымен қатар коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен спортшылардың базадан кетіп, үйлеріне қайтуына рұқсат етілді.