Қазақстан құрамасы Түркияда ойын өткізеді

Қарсылас ҚПЛ командаларының легионердерінен жасақталады.

Алматы. NEGE. Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, бір жолдастық матч ойнауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлады.

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні Қазақстан клубтарының легионерлері командасына қарсы жолдастық матч өтеді. Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді. Бұл мерзімде ФИФА-ның ресми датасы болмағандықтан, ұлттық құраманы ұзақ мерзімге ұстап отыруға болмайды. Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бұл матчты тікелей эфирде көре алады. Матчтың көрсетілімі қай платформадан таратылатынын және уақытын кейінірек хабарлаймыз.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр